Текст
Қазақстан халықтарының бірлігі күні - Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті жарлығы бойынша 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. "Бірлік болмай тірлік болмас" деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан да Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. "Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік" қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше.