 
                                
             17.05.2021
                17.05.2021
        «Қауіпсіздік ережесі»
Сынып сағаты: Қауіпсіздік ережесі
Мақсаты: 
• Балалардың үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту; алғашқы дәрігерлік көмектің қарапайым түрін көрсете білуге үйрету; 
• Ойлау, пайымдау, еске сақтау, логикалық ойлау дағдыларын дамыту; 
• өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу 
Бағыты: Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі 
Көрнекілік: 
• фигуралар,  • қорапша 
• йод, зеленка, мақта, градусник, дәрі, дәкі  • АКТ құралы 
Өту барысы 
Мұғалім: –Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біздер қауіпсіздік ережесі туралы әңгімелесеміз. 
Ережелер еліне 
Саяхатқа барайық 
Қауіп-қатер төнсе егер 
Сақтық жолын табайық. 
–Біздер Қауіпсіздік Ережесі еліне пойызға мініп аттанамыз. Ол үшін онлайн ойын ойнайық. Түстеріне қарай вагондарды тіркейік. –Міне, біздер Қауіпсіздік Ережесі еліне келдік..