Текст
15.12.2025
Тәуелсіздік күні- Болашақтың іргетасы!
16- желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде салтанатты және тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде аталып өтті.
Бұл ұлы мереке - тәуелсіздіктің тұғырын нығайтқан, азаттық үшін күрескен батыр бабаларымыздың арманы орындалған күн. Оқушыларымыз ұлттық рух пен патриоттық сезімге толы іс-шаралар арқылы осы мерекенің тарихи мәнін терең ұғынды.