"Отбасы өнегесі- ұрпаққа аманат"
07.09.2026
Мектебімізде оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, отбасылық жарасым мен сыйластықты дәріптеу мақсатында "Отбасы өнегесі- ұрпаққа аманат" тақырыбында тағылымды сынып сағаты өтті.
Шара барысында балалар отбасының адам-өміріндегі орны, үлкендерді сыйлау, ата-ана алдындағы парыз бен ұрпақтар сабақтастығы туралы кеңінен сөз қозғады. Оқушылар мақал-мәтелдер айтып, өз отбасыларындағы сүйікті дәстүрлермен және өнегелі оқиғалармен бөлісті. Сондай-ақ , ізгілікке, бауырмалдылыққа баулитын бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар арасында қызықты ой- бөліс ұйымдастырылды.
Просмотров: 47