"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение  "Начальная школа села Караозек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

оқу -тәрбие жұмысы

04.04.2019

Қараөзек бастауыш мектебі.

I-жартыжылдық  оқу-тәрбие жұмысының  есебі.

             2018-2019  оқу жылы.

 

 

 

 

 Қараөзек бастауыш мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылының басында оқу-тәрбие жұмысының жоспары құрылып, бекітілді.

Жаңа оқу жылы1қыркүйек «Білім күні» мерекесімен басталды.

    Мақсаты: «Білім күнін» және жаңа 2018-2019 оқу жылының басталуын атап өту. Оқушыларды және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау.

 Салтанатты жиылысты құттықтау сөзімен мектеп меңгерушісі Серғазинова З.Қ . ашты.

 «Алғашқы қоңырау»  соғуын 3-сынып оқушысы Серғазы Мұхамедке табыс етілді.

 Келесі кезекте оқушылар дайындаған мерекелік бағдарламасы бойынша

   өлең оқып, ән шырқады.

 Ата-аналар да өз құттықтау сөздерін, тілектерін білдірді.

Салтанатты жиылыс аяқталған соң , сынып жетекшілер өз сыныптарында «Мен  өз Отанымның патриотымын » тақырыбы бойынша тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағаттарының мақсаты: Жас ұрпақты отанды сүюге, елімізді қастерлеуге  тәбиелеу. Жас кезінен «Отанға» деген махаббатын арттыру, Өркенниетті еліміздің сауатты, салауатты азаматы болып өсу. Егеменді Қазақстан елін мақтан ету. Тәрбие сағатына ата-аналарда қатысты

   Қыркүйек айында денсаулық мейрамына байланысты «Бірінші байлық-денсаулық» атты тақырыбы бойынша іс- шара өткізілді. Оқушыларға  эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды. Әр түрлі спорттық ойындар ойнаған оқушылар риза болды.

    Ұстаздар күніне байланысты мектебімізде «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» тақырыбы бойынша ертеңгілік өтті. Мақсаты: Мұғалімнің еңбегін бағалау, сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу. Ұстаздарды төл мерекесімен  құттықтау.

Оқушылар ұстаздарын құттықтап өлең оқып, ән айтты.

Қазан айының басында «Алтын күз »  мерекесі аталып өтті. Мақсаты: Оқушылардың күзгі табиғат ерекшеліктері  туралы білімдерін тереңдету. Еңбекті, табиғат сұлулығын сезе білуге тәрбиелеу

 Оқушылар күзге байланысты сурет салды, тақырыпқа байланысты өлеңдер оқылды. Әр түрлі жұмбақтар шешіліп, ойындар ойнатылды.

Соңында дастархан жайылып оқушылар аналарымен дайындаған күзгі салаттарын қонақтарға ауыз тигізді.

    Бала тәрбиесіндегі ата-аналар маңызын арттыру мақсатында І-тоқсан соңында ата-аналар жиналысында «Отбасы – адам баласының алтын ұясы»  тақырыбы бойынша ата-аналарға баяндама оқылды. Мақсаты: Баланы еңбек етуге ,жарқын сезімдермен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу.Балаларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу.Әр балаға өзінің досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп өз бойына сіңіре білуге және өз досын дұрыс танып білуге үйрету.

Әр пәннен бөлім аяқталғанда оқушылардан БЖБ алынып,білім,білік дағдылары тексеріліп тұрады. Тоқсан соңында ТЖБ алынды. 2  сыныпта               2 оқушы, екуі де жақсы деген көрсеткіштер көрсетті. 3  сыныпта 3 оқушы оқиды. Оның 1-уі үздік,1-еуі жақсы, 1 оқушы қанағаттанарлық деген бағаман аятады.     І-тоқсанды оқушыларымыз жақсы нәтижемен аяқтады.білім сапасы 80 % құрады.

    ІІ-тоқсан басында «Менің Отаным –Қазақстан »  атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды ұлтжандыққа, имандылыққа тәрбиелеу.Оқушылар мәнерлеп олең оқыды, өз еркімен өлең шумақтарын шығарды.сахналық көрініс көрсетті.

Қараша айының басында  Бірлестік орта мектебінен әдістемелік көмек көрсету мақсатында мұғалімдер келіп кетті.Олар мектеп құжаттарн , күнделік сайтының толтырылуын көріп, қажет ақыл кеңес беріп кетті. Сабаққа қатысты және де орыс тілінен сабақ үлгісін көрсетіп кетті.

 

Тәуелсіздік мерекесіне байланысты мектебімізде түрлі шаралар өткізіліп тұрды.Мектеп іші мерекеге сай безендірілді.Сынып сағаттары, ашық сабақтар ,сурет сайыстары  т.б өтті.

 

  16 желтоқсан күні «Тәуелсіздік күніне» байланысты салтанатты жиылыс өтті. Желтоқсан құрбандарын 1минут үнсіздікпен еске алдық.

Оқушылар  өлең оқып, «Желтоқсан желі»  әні хормен орындалды.

Қазақстан елінде және басқа елдерде де әрқашан тыныш бейбіт өмір болсын деген ниетпен оқушылар салтанатты жиылыс соңында «Ақ көгершін» әнін орындады.

Оқу жылының басынан бастап оқушылардын күнделіктері үнемі сынып жетекшілерінің бақылауында. Сонымен қатар электронды күнделік те қатар жүргізіліп толтырылып тұрады.  Бағалар тоқсан соңында журналға толтырылады.

Желтоқсан айының басында 3 сынып оқушыларымен «Кодтау сағаты » өтті Кодтау сағаты» біздің мектепте 3 сынып оқушыларымен өткізілді.

    Ойын интернет желісімен өткізілді. Ең алдымен оқушылар ойын ережелерімен  мұқият танысты. Оңға,солға,алға,артқа және блоктарды қою,жою т,б бұйрық түрлерін мұқият меңгерді.

 Ойындар оқушыларға қатты ұнады. Ойынға деген қызығушылықтары артты.Бұл ойындар оқушылардың ой-өрісін,байқау және бақылау қабілеттерін дамытады.

 

Ойын соңында оқушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

   Барлық балалардың асыға күтетін  «Жаңа жыл»  мерекесі де келіп жетті.

.Оқушылар тақпақтарын айтты, ән орындады, ойындар ойнады.

Соңында Аяз-Ата және Ақшақар жаңа жылдық сыйлықтарын таратты.Оқушылар мен бірге фото суретке түсті.Барлық оқушылар және Ата-аналары да риза болды.

 

 

Өлең оқып, ән айтып, би билеп мектеп залында безендірілген жаңа жылдық шыршаны айналды.

Барлық оқушыларға сыйлық және ойыншықтар таратылды.

Жаңа жыл мерекесі өте қызықты болды.

    ІІ-тоқсан білім сапасы 80 %құрады. Жалпы мектеп бойынша 1 үздік,3 жақсы және 1 қанағаттанарлық деген бағаман аяқтады.

 І-жартыжылдық білім сапасының қортындысы бойынша 80 пайыз

    Дайындық сыныбына келетін болсақ ,оқу жылының басынан бастап оқушыларымыз қолдарына қалам алып алғашқы жазу тәсілін меңгере бастады. әріп танып,оқуға да кірісті.1-10 дейін санауды және кері санауды үйренді.Әр түрлі тақпақ жаттап,ертегі айтып,ән айтып үйренуде.

   Әрі қарайда оқушыларымыз көп білім алады деп сенеміз.

Жаңа жыл мерекесі аяқталысымен, оқушыларға арналған қысқы демалыс кестесі құрылып,бекітілді. Демалыстың әр күнін қызықты және пайдалы өткізу мақсатында жоспар құрылды.

 

 

Мектеп меңгерушісі :            Серғазинова З.Қ

                 

                  

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

Просмотров: 290


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст