"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение  "Начальная школа села Караозек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баяндама

25.01.2020

Абай(Ибраһим) Құнанбаев

 

БАЯНДАМА

 

 

 

 

 

ӘЗІРЛЕДІ: Серғазы Мұхаммад 4 сынып

 

 

Абай (Ибраһим) Құнанбаев

 

Қазақтың  ұлы ақыны Абай(Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Өз әкесі Құнанбай, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай - бәріде Тобықты руларының  билеушілері, ірі феодалдар болған. Абай Құнанбайды 41-жасында туған.  Құнанбай көпәйелді болған. Үлкен әйелі қыздай алған Күнке. Бұдан туған баласы Құдайберді. Екінші әйелі-Ұлжан

Ол Құнанбайдың інісі Құттымұқанбетке айттырылған қа-лыңдық екен. Інісі өлген соң Құнанбай келінін алған. Бұдан туған балалары:Тәңіріберді, Ыбырай, Ысқақ, Осман;үшінші әйелі-Айғыз. Одан-Халлилолла, Ысмағұл деген балалары болған. Құнанбайдың төртінші әйелі-Нұрғаным. Бұдан бала болмаған.

Ұлжан мен Айғыз бір ауыл болып, Құнанбай осылармен тұрған уақытта, екі шешесінің ортасындағы тел баласы

Кішкене Ыбырай болады. Бұл екі шешесінен кейінірек Осман, Ысмағұл деген екі бала туған. Бірақ олардың жасы  Абайдан едәуір кіші. Айғыздың үлкен баласы Халлилолла  болса оқуда болды. Сондықтан Абай балалық шағын екінші баласының ортасында, жалғыз баланың халінде өткізген. Жас кезінен өлең, әңгімеге әуес Абай халықтың ертегі- аңыздарын тыңдап өседі. Ол алғашқы сауатын ауыл молдасынан бастайды. Содан соң оны әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабул-Жапардың, кейін  Ахмет-Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен  сабақтас шәкірттерден үздік оқиды. Мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл үлгеріп, бос уақытын кітап оқуға, өз беті- мен ізденуге жұмсайды.

Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қолына алады да, ел билеу әдісін үйретіп, өз үлгісіне бау- ли бастайды. Ел басқару ісінде өз орын басуға лайық, яғни өз орнымды басатын адам ол-Абай деп Абайдың әкесі ой- лаған  болатын.

 

 

 

Просмотров: 227


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст