"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение  "Начальная школа села Караозек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Табиғаттың тарылтпайық тынысын, Пәк табиғат – жүректің ән жырысың»

15.02.2024

Тақырыбы: «Табиғаттың тарылтпайық тынысын, Пәк табиғат-жүректің ән-жырысың»
 мақсаты: Оқушыларды туған жер табиғатымен таныстыру, 
табиғатты сүюге, оны қорғауға баулу. 
көрнекілігі: табиғаттың әсем көріністерін бейнелейтін суреттер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
1. «Табиғат адамзаттың өмір нәрі,
Қажетіңнің табылар содан бәрі»
2. «Жері байдың елі бай»
3. «Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын»
4. «Судың да сұрауы бар»
5. «Бір ағаш кессең он ағаш отырғыз».
Кітапханашы: Табиғит-тіршілік атаулының құтты қоныс, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер Ана, атамекен, туған жер, ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас. 
«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерді туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі-парыз. Бұл сөз-біздің қанымызбен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. 
Қазақ жері қазақ елі-біздіңата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. 
Қазақстан өз азаттығын ғасырлар бойы аңсаған және соның жолында ата-бабаларымыз аянбай күресіп, қасық қанын да, шыбын жанын да қиғаны –бізге тарихтың тылсым шежірелерінен жеткен шынайы шындық. 
Қазақстан қазіргі таңда аты әлемге әйгілі егеменді ел екені-Қазақстан халқы үшін, әсіресе қазақ ұлты үшін зор мақтаныш, үлкен абырой!
Айналадағы өзімізді қоршап тұрған дүние, жер, күн, аспан, тау, тас, өсімдік, жан-жануар, жән дік атаулының бәрі-табиғат.
Сұрақ-жауап:
-Жылдың неше мезгілі бар?
-Жылдың төрт мезгілі бар. 
-Жылдың төрт мезгілінде болатын құбылыс, өзгерістерді білесіңдер ме?
Қар, жаңбыр, бұлт, тұман, бұршақ, жел-бұлар табиғат көріністері. 
Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған келелі де күрделі міндеттердің бірі-табиғатты қорғау, Оның байлықтарын ұқыпты пайдалану. 
Табиғат-адамға қажет баға жетпес байлық. Ол ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз. 
«Табиғат-адамзаттың өмір нәрі,
Қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. 
Жайлауға, табиғаттың әсем көріністеріне арнап ақындарымыз өлең жазған, суретшілеріміз сурет салған, ал күйшілер күй шығарған. 
 

Просмотров: 1087


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст