"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение  "Начальная школа села Караозек отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы,Тәрбие сағаты

02.12.2020

Тақырыбы: Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

Сабақтың түрі: Тәрбие ағаты

Мақсаты:

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет

«Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз - Н.Ә.Назарбаев атты стендтер, Елбасының портреті, оқушылар шығармасы.
Кіріспе.«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
1-жүргізуші:

Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .
Мемлекет басқару ісі – мәртебелі міндет.
Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы -ең бақытты халық.
2-жүргізуші:

Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!

Жүргізушілер бірге:

1 желтоқсан – Президент күніне арналған «Біздің Елбасымыз» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші:

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.


 

2-жүргізуші:

Бүгінгі күн бізге оңайлықпен келген жоқ..Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.Тәуелсіз ел Қазақстан атауы қалай келді, қалай туды алдымен экранға назар аударайық.

(1-слайд)
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ.Аманжолов)

1-жүргізуші:

Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 26 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.
2-жүргізуші: Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,
Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.
 


Хормен орындау Ән: “Астана – бас қала”


1-жүргізуші:
Н.Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
 

Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
 

Қорытынды:

Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Ендеше Қазақстанның болашағы біздің жастардың қолында».
«Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы.

Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!

Құрметті студенттер, осымен «Елі сүйген,елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқт

 

Просмотров: 149


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст